Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.01.05 N 02-1 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018–нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 194-нөмірінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың бірінші бөлігінде «1 316 653» цифрлар «1 316 331» цифрларымен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінде «4 162 129» цифрлар «4 172 586» цифрларымен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
II «Шығындар» бөлімінде:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында 2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
254 «Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
«3 145 145» цифрлар «3 135 010» цифрларымен ауыстырылсын;
007 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде су шаруашылығы құрылыстары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жөндеу» бағдарламасында «3 145 145» цифрлар «3 135 010» цифрларымен ауыстырылсын;
279 «Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
«9 776 290» цифрлар «9 786 425» цифрларымен ауыстырылсын;
017 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасында «1 302 069» цифрлар «1 301 747» цифрларымен ауыстырылсын;
021 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және елді мекендерді абаттандыруға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттер» бағдарламасында «4 144 609» цифрлар «4 155 066» цифрларымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы М. Егізбаев
Облыстық мәслихат хатшысы Ә. Досболов