Сноска. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 2205 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы "Электр энергиясын пайдалану ережелерін және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3455 нөмірімен тіркелген № 10 бұйрығының 67-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушыларға бір шаршы метр алаңға жылу энергиясын тұтыну нормасы 0,094 гекокалорий мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Полатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Жетпісбаев