Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 43/373-4с шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 1988 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда N 14-1-130 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданындағы Қатынкөпір шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ер Едігенің;
      Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Болсынай Даулбаеваның;
      Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Естемес бидің;
      Әл-Фараби ауданындағы Қайтпас-1 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ер Жәнібектің;
      Әл-Фараби ауданындағы Наурыз шағынауданының атауы жоқ көшесіне Садық Исмайловтың;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Фарух Шаназаровтың есімдері берілсін.
      2. Абай ауданындағы Ақжайық шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақдария;
      Абай ауданындағы Ақжайық шағынауданының атауы жоқ көшесі Жерұйық;
      Абай ауданындағы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесі Айнабұлақ;
      Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Отырар;
      Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Манас;
      Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақтасты;
      Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесі Диханкөл;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Аламан;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Келес;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Талас;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Үшқиян;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Өріс;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Баршын;
      Абай ауданындағы атауы жоқ көшесі Алтындала;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақсай;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Аққұм;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Алтын адам;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Сақ елі;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Ғұн елі;
      Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесі Кеме қалған;
      Еңбекші ауданындағы Ұлағат шағынауданының атауы жоқ көшесі Алаш;
      Еңбекші ауданындағы Нұртас шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақсауыт деп аталсын.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Ғ.Ғаниев

      Шымкент қаласының әкімі                    А.Жетпісбаев

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ж.Махашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады