Көшелерге жаңа атаулар беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігі Ақдала ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 мамырдағы N 10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 мамырда N 14-2-95 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес,  Ақдала ауылдық округі елді мекендерінің пікірлерін ескере отырып, Ақдала ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақдала ауылдық округ елді мекендерді көшелеріне төмендегіше жаңа атаулары берілсін.
      Ақдала ауылы бойынша: Астана, Нұрлы, Намыс, Қазына, Ынталы, Сенім, Өркендеу, Көрікті, Бәйтерек, Ақниет, Бастау, Ырысты, Тәуелсіздік, Парасат, Үлгі, Тілектес атаулар берілсін.
      Онтам ауылы бойынша: Жайлау, Жаңа ауыл, Өркенді, Өркениет, Екпінді, Беткей, атаулары берілсін.
      П.Арапов ауылы бойынша: Ақиқат, Балдәурен, Табыс, Думан, Кемел, Егемендік атаулары берілсін.
      Тоғайлы ауылы бойынша: Көксарай, Ақжар, атауы берілсін.
      Тақыркөл ауылы бойынша: Ақшуақ, Асар атауы берілсін.
      Ақын-Жақып ауылы бойынша: Береке, Ынтымақ атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ақдала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Әділхановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақдала ауылдық округ әкімі:                С.Дәрібай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады