Кентау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы № 15 "Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 маусымдағы N 234 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 шілдеде N 14-3-94 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 35 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау  қалалық мәслихатының 2012.06.05 № 35 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-48 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 17 қарашада «Кентау шұғыласы» газетінің 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасының 1 бөліміндегі 5-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «5. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер, мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсіпорындар мен мекемелерде иесі байлап кеткен жануарлардан басқасы, қараусыз деп есептеледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады»;
      2 бөліміндегі 6-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «5) Көшелерде итпен (декоративтік тұқымды иттерден басқалары) тек қана қысқа баумен, тұмылдырықпен алып жүру».
      3 бөліміндегі 8 тармағы төмендегі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
      «5) Жеке тұрғын үй бөлігінің иелерінің үйінде тұрған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды қоршаған ортаға қауіп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз ету, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, басқа жануарларға қауіп туғызуын болдыртпау және тұрғын жайларда шуды болдырмау жөнінде шара қабылдау».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б.Байсалов
      Қалалық мәслихат хатшысы                   Е.Аширов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады