Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы, 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Хантағы ауылындағы "Совет" көшесінің атауы "Н.Төреқұлов" атындағы көше, "Серафимович" көшесінің атауы "Бірлік" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің міндетін атқарушы: М.Абдуллаев