Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 10114/403 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру туралы» Түркістан қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 1657 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-4-21 тіркелген, 2006 жылдың 14 маусымында қалалық «Түркістан» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктеймін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Қ.Молдасеитов