Әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 54 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 наурызда N 14-6-93 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 683 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 683 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына және Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 26/199-ІV санды шешіміне сәйкес аудан көлеміндегі жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазығұрт ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн (қоса тiгіледі).
      2. Қазығұрт ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі арқылы (К.Шаймерден) жүргізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев

Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 26 ақпандағы
N 54 қаулысына қосымша

      Қазығұрт ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010.04.05 N 116 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Жекелеген мұқтаж азаматтар санаты

Әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi

Мерзімі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер арқылы төленетін біржолғы материалдық көмектер

1.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне біржолғы материалдық көмек

65 000 (алпыс бес мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

2.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек

25 000 (жиырма бес мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

3.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай соғыста қайтыс болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне біржолғы материалдық көмек

25 000 (жиырма бес мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

4.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң жесірлеріне біржолғы материалдық көмек

25 000 (жиырма бес мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

5.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай тыл еңбеккері ретінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге біржолғы материалдық көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

6.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне әуе және темір жол көлігінде Қазақстан Республикасы көлемінде бір рет жол жүруге

26 700 (жиырма алты мың жеті жүз) теңгеден

2010 жылдың сәуір-желтоқсан айлары

7.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне ТМД мемлекеттері көлемінде бір рет жол жүруге

81 600 (сексен бір мың алты жүз) теңгеден

2010 жылдың сәуір-желтоқсан айлары

8.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне Астана қаласына бір рет барып келуге

64 000 (алпыс төрт мың) теңгеден

2010 жылдың мамыр айы

9.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне қалааралық транспортта жүруге біржолғы материалдық көмек

3000 (үш мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір-желтоқсан айлары

10.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне автобуста тегін жүруге біржолғы материалдық көмек

3600 (үш мың алты жүз) теңгеден

2010 жылдың сәуір-желтоқсан айлары

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер арқылы төленетін біржолғы материалдық көмектер

11.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне біржолғы материалдық көмек

50 000 (елу мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір-мамыр айлары

12.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай соғыста қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің жесірлеріне біржолғы материалдық көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір-мамыр айлары

13.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай соғыста қайтыс болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне біржолғы материалдық көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

14.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай тыл еңбеккері ретінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге біржолғы материалдық көмек

5000 (бес мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір айы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға аудандық бюджеттен төленетін біржолғы материалдық көмектер

15.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiнің үйлеріне тегін сымтетік орнатуға берілетін біржолғы материалдық көмек

5790,40 (бес мың жеті жүз тоқсан теңге қырық тиын) теңгеден

2010 жылдың ақпан айы

16.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне аудандық бюджет есебінен біржолғы материалдық көмек

35 000 (отыз бес мың) теңгеден

2010 жылдың сәуір-мамыр айлары

17.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiнің жесірлеріне аудандық бюджет есебінен біржолғы материалдық көмек;

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың мамыр айы

18.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне мерзімді басылымдарға тегін жаздыру

«Қазығұрт тынысы», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Казахстан», «Дала мен Қала», «Рейтинг», «Қазақ елі» мерзімді басылымдарына

2010 жылдың І-ІІ жарты жылдықтары

19.

Алтын алқа, Батыр ана, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жесірлері, 100 жасаған аналар, тіркеуде тұрған жалғызілікті аналарға 8-Наурыз мерекесі құрметіне біржолғы материалдық көмек;

1000 (мың) теңгеден

2010 жылдың наурыз айы

20.

Ауған соғысының iс-әрекетiне қатысушыларға біржолғы материалдық көмек

1000 (мың) теңгеден

2010 жылдың ақпан айы

21.

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандарға біржолғы материалдық көмек

2000 (екі мың) теңгеден

2010 жылдың мамыр айы

22.

Жалғызілікті қарттарға, мүгедек балаларға, 100 жасаған аналарға 1, 10 – Қазан Халықаралық қарттар және мүгедектер күнiне орай жылына бiр рет дәрi-дәрмек алуға біржолғы материалдық көмек

2000 (екі мың) теңгеден

2010 жылдың қазан айы

23.

Тіркеуде тұрған жалғызілікті қарттарды қолдау мақсатында олардың ішінен 80 жастан асқан қарттарға зейнетақысына қосымша ай сайын қосымша жәрдемақы беруге;

бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

2010 жыл бойы

24.

Адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырған балалары бар отбасыларға ай сайынғы өтемақы төлеуге;

31 418 (отыз бір мың төрт жүз он сегіз) теңгеден

2010 жыл бойы

25.

Халықтың аз қамтамасыз етілген аса мұқтаж нысаналы топтарына біржолғы материалдық көмек

60 000 (алпыс мың) теңгеден

2010 жылдың ақпан-маусым айлары

26.

Халықтың аз қамтамасыз етілген аса мұқтаж нысаналы топтарына қосымша ай сайын қосымша көмек

0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

2010 жыл бойы

27

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға біржолғы материалдық көмек.

5000 (бес мың) теңгеден

2010 жылдың ақпан-маусым айлары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады