Қазығұрт ауданының 1994 жылы туылған азаматтарын 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 32 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қазанда N 14-6-118 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 683 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 683 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағы 13-тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлермен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМIН:
      1. 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында жүргізілсін.
      Шақыру учаскесіне тіркеуді Қазығұрт аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде (М.Тастанов-келісімі бойынша) ұйымдастырылсын.
      2. Қазығұрт ауданының ауыл округтерінiң әкiмдерi және ұйымдардың басшылары Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне шақыру учаскесіне тiркеуге жататын азаматтардың тізімін 2010 жылдың 1-желтоқсанына дейін беруді, тiркеуге шақырылғаны туралы хабардар етуді және шақыру учаскесiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      3. «Қазығұрт аудандық бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:
      1) Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiмен келiсiлген кесте бойынша ауданның бiлiм беру мекемелерiнде оқитын 1994 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне уақытылы және ұйымшылдықпен жiберудi қамтамасыз етсiн;
      2) тiркеуге алу кезiнде орта бiлiмi жоқ жастарды анықтау үшiн аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне мұғалiм-педагогтар бөлiп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
      3) 1994 жылы туылған азаматтар арасында әскери оқу орындарына түсетiн кандидаттарды iрiктеп алу жұмыстарын жүргiзсiн.
      4. «Қазығұрт ауданының орталық емханасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi (Д.Алтенов-келiсiмі бойынша):
      1) шақыру учаскесіне тiркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткiзу кезiнде әскери қызметке жарамдылығын және денсаулығының жағдайын анықтау жұмыстарын жүргiзуге дәрiгерлер мен қажеттi медициналық қызметкерлердi қатыстыру ұсынылсын;
      2) 2011 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне 1994 жылы туылған азаматтарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажеттi медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, терi-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерiнде, жасөспiрiмдер кабинеттерiнде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тiзiмiн тапсыру ұсынылсын;
      3) тiркеуге алуға дейiн 1994 жылы туылған барлық азаматтарды қажеттi медициналық тексеруден өткiзу ұсынылсын;
      4) ауыратыны анықталған азаматтардың арасындағы сауықтыру жұмыстарын тiкелей медициналық тексеру кезiнде бастасын, олардың тiзiмiн осы жасөспiрiмдердiң тұрғылықты жерлерiндегi емхананың маман-дәрiгерлерiне тапсыру ұсынылсын.
      5. Тиісті қызметкерлер әскерге шақыру жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылсын.
      6. «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне (А.Өсербаев) тiркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн тiркеу уақытында ақылы қоғамдық жұмыс есебiнен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
      7. Қазығұрт аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Дауылбаев-келiсiмі бойынша) қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған, тергеуде болған, сотталған, iшкi iстер органдарында есепте тұрған адамдардың тiзiмiн беруді, он жеті жасқа толатын жылы әскери мiндеттерiн орындаудан дәлелсіз себептермен жалтарған адамдарды iздестiру және жеткізуді жүзеге асыру ұсынылсын.
      8. Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi (М.Тастанов-келісімі бойынша) атқарылған жұмыстары туралы 2011 жылдың 10 сәуiрiне дейін аудан әкiмiне ақпарат ұсынсын.
      9. «Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (А.Раманқұл) тiркеу науқанын жүргiзу үшiн қаржыландыру жоспарына сәйкес  қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады