Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасын және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қазығұрт ауылының "Болашақ" мөлтек ауданында орналасқан атауы жоқ көшеге соғыс және еңбек ардагері Әділ Сасбұқаев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің бас маман жер инспекторы М.Усербаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі Ж.Қалдияров