Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Тұрбат ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 4 маусымдағы N 15 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 шілдеде N 14-6-105 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Тұрбат ауыл округі аумағы халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:
      1. Тұрбат ауыл округіне қарасты:
      1) Тұрбат елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Болашақ атауы;
      2) Еңбек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Жаңағасыр, Наурыз, Атамұра атаулары;
      3) Қызылдихан елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ақбұлақ, Береке, Көктөбе, Ырыс, Бірлік, Ынтымақ, Нұр атаулары;
      4) Өндіріс елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Н.Байтемірұлы, Көктем, Атамекен, Бастау, С.Кенжеғұлов, А.Тұрсынқұлов, М.Сабиров атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауыл округі әкімі                          А.Ертаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады