Аудан бойынша жекелеген елді мекендердің шекараларын бекіту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы N 32/8 шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 мамырдағы N 259 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 тамызда N 14-8-86 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихат ШЕШТІ және Ордабасы ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы аудандық жер қатынастары мен Ордабасы аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

      1) 39,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Көктөбе ауылының жалпы ауданы 527,28 гектар;

      2) 29,43 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Ынталы ауылының жалпы ауданы 420,54 гектар;

      3) 16,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Берген ауылының жалпы ауданы 414,07 гектар;

      4) 32,9 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Қараспан ауылының жалпы ауданы 537,35 гектар;

      5) 173,2 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бадам ауыл округі Бадам ауылының жалпы ауданы 640,8 гектар;

      6) 56,63 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ұялыжар ауылының жалпы ауданы 398,6 гектар;

      7) 34,27 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Шұбар ауылының жалпы ауданы 484,07 гектар;

      8) 32,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Тоқсансай ауылының жалпы ауданы 573,5 гектар;

      9) 85,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Төрткөл ауылының жалпы ауданы 384,94 гектар;

      10) 11,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Спатаев ауылының жалпы ауданы 253,45 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХХІІ сессиясының төрағасы: С.Абжалов
      Аудандық мәслихат хатшысы: П.Жұрман
      Аудан әкімі: Ш.Кенжеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады