Көше атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігі Жеңіс ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 тамыздағы N 11 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қыркүйекте N 14-8-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Жеңіс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жеңіс ауылдық округіне қарасты Дихан ауылындағы атауы жоқ көшеге қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұнайтпасұлының аты берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Жеңіс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушы С.Сарыбасқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Жеңіс ауылдық округ әкімі                  Ө.М.Мұхтархан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады