Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы 5 қаңтардағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шытты ауылындағы аты жоқ көшеге еңбек ардагері Қыздархан Өмірзақова атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің бас маман іс басқарушысы А.Раткуловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі А.Бейсенбиев