Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы 5 қаңтардағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Көкмардан ауылындағы А.Дәрібаев көшесінің батысындағы аты жоқ көшеге соғыс және еңбек ардагері Рәтқұл Оспанқұлұлы атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің бас маман іс-басқарушысы А.Раткуловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі А.Бейсенбиев