Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы мамыр айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Темір ауылындағы М.Әлиев көшесі мен Б.Басов көшелерімен қиылысатын аты жоқ көшеге Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері ауыл тұрғыны Ахмедияр Қазиев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы Қ.Әбдіжалилге жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі Д.Иса