Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы сәуір айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Арыс ауылындағы аты жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері ауыл тұрғыны Пірман Қалыбеков атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімнің іс басқарушысы міндетін атқарушы С.Сейлбекке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі О.Насурлла