Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы 28 шілдедегі жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңа Шілік ауылындағы орталық көше Тұрғанбай датқа көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы Б.Орынбасаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі А.Рустемов