Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012.08.08 № 2796 хатымен
РҚАО-ның ескертпесі!
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 4 қаңтар мен 30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының 1994 жылы туылған 2011 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру телімінде тіркеуі жүргізілсін.
2. 1994 жылы туылған жастарды шақыру телімінде тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:
Бердибеков Валихан Абдуқадырұлы - Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Жакыпбеков Ақылбай Жүсіпбекұлы - Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі;
Комиссия мүшелері:
Саитмуратов Абдуманнап Умурзақұлы - хирург, медициналық комиссиясының төрағасы;
Таханов Талғат Өмірқұлұлы - Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Горшкова Наталья Иванқызы - «Ақсукент» Сайрам аудандық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы.
3. «Ақсукент» Сайрам аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай - МКҚК) (бас дәрігердің міндетін уақытша атқарушы Т.Құралбаев - келісім бойынша), «Қарабұлақ» Сайрам аудандық емханасы» МКҚК (А.Абдушкуров - келісім бойынша) және «Сайрам» Сайрам аудандық емханасы» МКҚК (Х. Ашурбаев - келісім бойынша):
1) 1994 жылы туылған жастарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссияның жұмысы үшін қажетті приборлар және медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылушыларды жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
3) тіркеуді өткізу кезінде медициналық тексеруге қатысатын 1994 жылы туылған жастардың рентгеннен, ЭКГ-ден, жалпы анализ тапсырудан уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (В.Бердибеков – келісім бойынша):
1) аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп, тіркеу комиссиясында әскери – техналық мамандықтар бойынша және Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеуді жүргізу;
2) аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп, оқу орындарында, кәсіпорындарда жастарды әскери патриоттық және интернациналдық тәрбиелеу және әскер қатарындағы қызметке дайындау жөніндегі іс – шараларды жүзеге асыру;
3) жастарды шақыру учаскесіне тіркеудің қорытындысы және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2011 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
5. Аудандық білім беру бөлімі (бастық міндетін уақытша атқарушы М.Асқарова) және ауыл округтерінің әкімдері:
1) 1994 жылы туылған жастардың тізімдерін және құжаттарын аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы таратылуын бақыласын;
2) бекітілген кестеге сәйкес, тіркеу комиссиясынан өтетін жастарды көрсетілген мерзімде алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы – ұйымдастырушы мен әскери есеп столының басшылары арқылы ұйымдастырсын;
3) оқу орындары, кәсіпорындар және мекеме басшыларымен бірлесіп, жастарды әскер қатарындағы қызметке дайындау мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерін нашар меңгерген 1994 жылы туылған жастарды анықтау және оларды оқыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
6. Тіркеу комиссиясының құрамындағы медицина қызметкерлері мен медбикелері 2011 жылы 4 қаңтардан 31 наурыз аралығында негізгі жұмыстарынан босатылатындығы және жұмыс орны мен атқарып жатқан қызметі бойынша жалақысы сақталатындығы белгіленсін.
7. Аудандық ішкі істер басқармасына (М. Оразалиев – келісім бойынша) әскери есепке тұрудан бас тартқан азаматтарды іздестіру және тіркеу комиссиясына жеткізуге пәрменді түрде көмек көрсетсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмуратовқа жүктелсін.
Аудан әкімі У.Қайназаров
КЕЛІСІЛДІ:
Сайрам ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы Бердибеков В.А.
25.11.2010 жыл
«Ақсукент» Сайрам аудандық емханасы бас
дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Құралбаев Т.Ж.
25.11.2010 жыл
«Қарабұлақ» Сайрам аудандық
емханасының бас дәрігері Абдушкуров А.А.
25.11.2010 жыл
«Сайрам» Сайрам аудандық
емханасының бас дәрігері Ашурбаев Х.Б.
25.11.2010 жыл
Сайрам аудандық ішкі істер
басқармасының бастығы Оразалиев М.М.
25.11.2010 жыл