Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 24.02.2011 № 186 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 2-54-10/6136 ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлерді бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 490 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-11-102 тіркелген, 2009 жылғы 10 маусымда № 73 «Сарыағаш» газетінде жарияланған) 7-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы орган міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, жастар тағылымдамасына жіберілетін адамдар үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдардың айқындаған мөлшері Уәкілетті органмен Жастар тағылымдамасына қатысушыларға ай сайын төленеді.
Жастар тағылымдамасына қатысушының еңбек ақысы Бітірушінің есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мырзабаев