Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2011.11.24 N 880 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық коммуналдық меншік туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-11-111 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 1-тармағы 2-тармақшасында «жайларды» деген сөзден кейін «бір айдан аспайтын мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықтың 17-тармағы мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерінде есептеледі».
Нұсқаулықтың қосымшасы мына мазмұндағы 5 абзацпен толықтырылсын:
«Аудандық коммуналдық білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшін бір шаршы метрге айына 100 (жүз) теңге».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мырзабаев