Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 21-8-128 "Сарыағаш ауданы бойынша белгіленген жер салығының базалық ставкаларын белгілеу туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 43-302-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қаңтарда N 14-11-164 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 тамыздағы № 9-63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.08.2012 № 9-63-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық  Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"    Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Сарыағаш аудандық мәслихатының 12 қаңтар 2004 жылғы № 3-8-33 "Сарыағаш ауданындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Сарыағаш ауданы бойынша белгіленген жер салығының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 21-8-128 (нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14-11-97 тiркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы "Сарыағаш" газетiнiң № 34-35 санында жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
      2. Осы шешім 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     И.Қайсарбеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Каипов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады