Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Игілік ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Біртілек ауылдық округі Игілік ауылындағы атауы жоқ көшеге «Мырзахметов Рүстем» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Қалдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі К.Халық