Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Дарбаза ауылдық округі Сарысу ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Дарбаза ауылдық округі Сарысу ауылындағы атауы жоқ көшеге «Шұғыла» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Даржановаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дарбаза ауылдық округ әкімі: Е.Алимбаев