Ескерту. Күші жойылды - Шардара ауданы әкімдігінің 2011.02.25 N 111 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 шілдедегі № 400 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-43 тіркелген, 2007 жылғы 13 тамыздағы № 30 «Шартарап-Шарайна» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мараим
КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Жарияқұл Шүкір Өтелұлы
24.09.2010 жыл
Шардара ауданы әкімдігінің
24 қыркүйек 2010 жылғы
№ 568 қаулысына 1 қосымша
Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар
р/с |
Белгіленген орындар |
Түрі |
1 |
№ 928 сайлау учаскесі бойынша Қызылқұм ауылы әкімі аппараты ғимаратының алды |
Тақта |
2 |
№ 929 сайлау учаскесі бойынша «Ақалтын» ауылдық клубы |
Тақта |
3 |
№ 930 сайлау учаскесі бойынша «Егізқұм» ауылдық отбасылық амбулатория алды |
Тақта |