Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Зайсан, Ұлан және Тарбағатай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 наурыздағы N 413 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 20/258-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 сәуірде N 2530 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Катонқарағай ауданы мәслихатының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 5/57-IV шешімі және әкімдігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 3282 қаулысы, Зайсан ауданы мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 14-4/6 шешімі және әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 826 қаулысы, Ұлан ауданы мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 36 шешімі және әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 394 қаулысы, және мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 52 шешімі және әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 629 қаулысы, Тарбағатай ауданы мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 5-10 шешімі және әкімдігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 208 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Зайсан, Ұлан және Тарбағатай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      Катонқарағай ауданы бойынша:
      Коробиха ауылдық округіндегі Печи ауылы Барлық ауылы, Черемошка ауылы Үшбұлақ ауылы;
      Зайсан ауданы бойынша:
      Айнабұлақ ауылдық округінің Октябрь ауылы Қайнар ауылы;
      Ұлан ауданы бойынша:
      Бозанбай ауылдық округінің Екатериновка ауылы Ақжартас ауылы;
Аблакет ауылдық округіндегі Васильевка ауылы Мамай батыр ауылы, Горняк ауылы Желдіөзек ауылы;
      Тарбағатай ауданы бойынша:
      Жантікей ауылдық округі Ырғызбай ауылдық округі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы      Б. Нұрасыл

Облыс әкімі       Б. Сапарбаев

Облыстық мәслихат
хатшысы             В. Ахаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады