"2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 20 желтоқсанда № 5-1-152 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 06 қаңтардағы № 03-09/2 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2011.01.06 № 03-09/2 хаты.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 25/307-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсандағы 2539 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 және 23 қаңтардағы «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 22 және 25 қаңтардағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармағының:
      1) тармақшасында:
      «17084852,7» деген сандар «17084252,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «8746852,7» деген сандар «8746252,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) тармақшасында «19534450,4» деген сандар «19533850,4» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) 1 қосымшада:
      «І. КІРІСТЕР» бөлімінде:
      «І. КІРІСТЕР» жолындағы «17084852,7» деген сандар «17084252,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Трансферттерден түсетін түсімдер» жолындағы «8746852,7» деген сандар «8746252,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер» жолындағы «8746852,7» деген сандар «8746252,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер» жолындағы «8746852,7» деген сандар «8746252,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ІІ. ШЫҒЫНДАР» бөлімінде:
      «ІІ. ШЫҒЫНДАР» жолындағы «19534450,4» деген сандар «19533850,4» деген сандармен ауыстырылсын;
      06 функционалдық тобында:
      «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» жолындағы «962356,7» деген сандар «961756,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жолындағы «954116,7» деген сандар «953516,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» жолындағы «195540» деген сандар «194940» деген сандармен ауыстырылсын;
      07 функционалдық тобында:
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» жолындағы «9957554,4» деген сандар «9954772,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі» жолындағы «5933520,9» деген сандар «5830739,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» жолындағы «2410008,1» деген сандар «2407226,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      15 функционалдық топта:
      «Трансферттер» жолындағы «177087,4» деген сандар «179869» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі» жолындағы «177087,4» деген сандар «179869» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» жолындағы «4579,4» деген сандар «7361» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы –
      қалалық мәслихаттың хатшысы             В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады