Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Өскемен қаласы әкімі аппаратының 2011.04.11 N Шн-5/229 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, ШЕШТІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурызда 2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Александр Протозанов атындағы көшесі, 37 мекенжайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2. «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Өскемен қаласы бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев
Келісілген:
«Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық
сақтау басқармасы Өскемен қаласы
бойынша бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Е. Омарбеков
«13» желтоқсан 2010 жылғы
«Өскемен қаласының қорғаныс
істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығының лауазымын уақытша атқарушы С. Құсаинов
«13» желтоқсан 2010 жылғы