2011 жылы Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 5-3-97 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2011.05.19 N 14 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына сәйкес Курчатов қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2011 жылдың қаңтар–наурызында өткізілсін.
      2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына ұсынылсын (Балтеков Қ.С., келісім бойынша):
      1) тіркеу өткізуге шақыру пунктін дайындау;
      2) тіркеуді өткізуге дайындалу және оны өткізу бойынша қажетті құжаттамаларды әзірлеу;
      3) тіркеуді сапалы түрде және уақтылы өткізуді қамтамасыз ету;
      4) шақыруға дейінгі аурулардың емделуіне және сауығуына бақылауды күшейту.
      3. "Курчатов қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына ұсынылсын (Сұлтанов А. Д., келісім бойынша):
      1) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру өткізу үшін қажет мөлшерде тәжірибелі дәрігер мамандарды және медициналық персоналын бөлу;
      2) қаланың емдеу мекемелерінде комиссиямен амбулаторлық емдеуге немесе стационарлық тексеруге жіберілген тұлғалардың қабылдану тәртібін белгілеу;
      3) шақыруға дейінгілердің кеуде мүшелерін флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерінің талдауларын қабылдануын ұйымдастыру;
      4) шақыруға дейінгілер тексеруді және емдеуді қамтамасыз ету.
      4. Меншік нысанына қарамастан қала ұйымдарының, кәсіпорындарының және оқу орындарының басшыларына (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырылатын жасөспірімдерді есепке алу және тіркеуден өту үшін шақыру дейінгілерге қажетті уақыт беру;
      2) әрбір жасөспірімге жұмыс (оқу) орнынан анықтама, мінездеме және басқа қажетті құжаттар белгіленген мерзімде беру.
      5. Тіркеуді өткізуге байланысты барлық шығындар жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізілсін, ол үшін қаржы бөлімі бекітілген шығындар сметасы аясында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қажетті қаражаттар бөлінсін.
      6. Қалалық полиция бөліміне (Төлежанов Ж. Е., келісім бойынша) медицина комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің қадағалануын қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарлауы бойынша шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан азаматтарды іздестіруде және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуде жәрдемдесу ұсынылсын.
      7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Балтеков Қ. С., келісім бойынша) білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери техникалық мектептеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына оқуға жіберу үшін іріктеу жүргізу ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлім бастығы Қ. БАЛТЕКОВ
      Қалалық полиция
      бөлімінің бастығы Ж. ТӨЛЕЖАНОВ
      "Курчатов қаласының қалалық
      ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорын бас дәрігері А. СҰЛТАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады