Жерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 01-02/24-13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 5-6-106 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы N 33/234-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 25.02.2015 N 33/234-V шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 387-бабының 1 тармағына378379381383 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудан көлеміндегі тұрғын үй қоры соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне салынатын салықтық базалық ставкаларын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін 50%-ға көбейтілсін.
      2. Аудан көлеміндегі тұрғын үй қоры соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерге салынатын салықтық базалық ставкалары:
      1) қала бойынша:
      1 зонадан 3 зонаға дейін - 50% ға;
      4 зонадан 6 зонаға дейін - 40% ға көбейтілсін;
      2) ауылдық кенттік елді мекен бойынша:
      1 зонадан 6 зонаға дейін - 30% ға;
      6 зонадан 11 зонаға дейін - 20% ға көбейтілсін.
      3. Аягөз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 01-02/4-4 "Жерге салынатын салықтық базалық ставкалар туралы" (2008 жылғы 14 наурызда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-67 тіркелген, “Аягөз жаңалықтары” газетінің 2008 жылғы 22 наурыздағы № 12 (636) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешiм Аягөз аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы

А. Мүсапырбеков

      Мәслихат хатшысы

М. Темеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады