РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
“Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4-тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
1. Бесқарағай ауылының көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
“Крупская” көшесі “Жолан Дастенов” көшесіне;
“Киров” көшесі “Жамбыл Жабаев” көшесіне;
“Пионерская” көшесі “Қайрат Рысқұлбеков” көшесіне;
“1 Май” көшесі “Тәуелсіздік” көшесіне;
“Комсомольская” көшесі “И.С.Шевцов” көшесіне;
“40 лет Каз ССР” көшесі “Шәкәрім” көшесіне;
“Степная” көшесі “Бауыржан Момышұлы” көшесіне;
“Совхозная” көшесі “Желтоқсан” көшесіне.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкiмiнің
міндетін атқарушы: А. Курмангалиева
Бесқарағай ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы
ЖаңаШығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылдық округінің әкімінің 2010 жылғы 27 шілдедегі N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 тамызда N 5-7-84 тіркелді
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз