"Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ шақыру учаскесіне 2011 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 14 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қаңтарда N 5-9-144 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 1730-02-10 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 2011.05.12 № 1730-02-10 хаты).

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармақ 13) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын басшылыққа алып, Глубокое ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесінде 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы А.Т.Чункуновқа ұсынылсын (келісім бойынша), «Глубокое білім беру бөлімі» ММ бастығы М.Ж. Асамбаевпен және «Глубокое аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ бастығы А.И. Павловпен бірлесіп түсу емтихандарына кіретін пәндер бойынша үміткерлердің білім деңгейін алдын ала тексеруді, дене дайындықтарын, әскери-оқу мекемелеріне үміткерлерді іріктеуді өткізсін.
      3. Қоса беріліп отырған 2011 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесіне тіркеу өткізу комиссиясының кестесі бекітілсін.
      4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесіне 2011 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылуын және уақытында тіркеуге келуін қамтамасыз етсін;
      5. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына, шаруа қожалықтары басшыларына «Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру пунктіне тіркеу жасындағы тұлғаларды тіркеуден өту үшін уақытында жеткізуге кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне көмек көрсету ұсынылсын.
      6. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы Қ.Т.Синиязовқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) «Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ және кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсетсін;
      2) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесіне 2011 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу өткізу келісілген кесте бойынша учаскелік полиция инспекторларының еріп жүруімен қамтамасыз етілсін.
      7. Глубокое ауданының «Медициналық бірлестігі» КМҚК директоры М.С.Ластаевқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) медициналық комиссияны білікті маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
      2) әскерге шақырылушылардың клиникалық тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін. Шақырылушылардың стационарлық жағдайда емделуіне кеткен өтем ақы шығыны мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ұсынылған тізілім бойынша жүргізілсін;
      3) шақырылған құрамның флюорографиялық тексерілуі, электрокордиограмма және қажетті сараптамаларды тапсыруын қамтамасыз етілсін. Аталған тексеру үшін қажетті мөлшерде медициналық қызметкер бөлінсін.
      4) медициналық комиссияның жұмысы «Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру пунктінде келісілген кесте бойынша ұйымдастырылсын. Шақыру пунктіне шақырылушылар жеткізілмеген жағдайда (сәтсіз ауа-райы, көліктің болмауы) қосымша күндер қарастырылсын.
      8. «Глубокое білім беру бөлімі" ММ бастығы М.Ж.Асамбаевқа:
      1) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесіне 2011 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты оқымайтын азаматтар туралы ақпарат ұсынсын.
      2) жалпы білім беретін мектептерде оқитын бозбалаларды алып бару үшін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімдер бөлінсін.
      3) тіркеу барысында ауданның оқу мекемелерінде патриоттық және тәрбиелік іс-шаралар жүргізілсін.
      9. «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығы К.С.Кәрібаевқа:  2011 жылға арналған аудандық бюджетте белгіленген көлемде уақытында қаржыландыру жүргізілсін.
      10. Осы шешімінің орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Понамареваға жүктелсін.
      11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі                 Л.Кошелев

      Келісілген:

      «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» ММ бастығы                      А.Чункунов

      «Глубокое ауданының ішкі істер
      бөлімі» ММ бастығы                      К.Синиязов

      Глубокое ауданының «Медициналық бірлестігі»
      КМҚК директоры                          М.Ластаев


Глубокое аудандық әкімдіктің 2010 жылғы
«28» желтоқсан  № 14 шешімімен бекітілген

«Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесіне 2011 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек
жынысты азаматтарды тіркеу комиссиясын өткізу туралы

КЕСТЕСІ      

№ р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Жалпы

саны

24.01.

25.01.

26.01.

27.01.

28.01.

30.01.

31.01.

16.02.

02.03.

1.

Алтайский кенті

15

15









2.

Белоусовка кенті

31





31





3.

Белокаменка ауылы

4





4





4.

Бобровка ауылдық округі

20




20






5.

Веселовка ауылдық округі

8

8









6.

Верхнеберезовский кенті

16

16









7.

Глубокое кенті

35




35






8.

Калинин ауылдық округі

5


5








9.

Киров ауылдық округі

41



41







10.

Кожохово ауылдық округі

16

10





6




11.

Краснояр ауылдық округі

23


23








12.

Куйбышев ауылдық округі

9






9




13.

Малоубинка ауылдық округі

5






5




14.

Опытное поле ауылдық округі

26







26



15.

Секисовка ауылдық округі

4






4




16.

Ушанов ауылдық округі

16


16








17.

Фрунзе ауылдық округі

14







14



18.

Черемшанка ауылдық округі

12






12





БАРЛЫҒЫ:

300

49

44

41

55

35

36

40




      «Глубокое ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» ММ бастығы подполковник        А.Чункунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады