2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 4533 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда N 5-13-68 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 02-15/23 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды -  (Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011.01.26 N 02-15/23 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5) тармақшасы, 20 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі негізінде, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары бекітілсін.
      2. Ұйым басшыларына (келісім бойынша) жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 3739, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 4507 қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сәдуовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                         С. Зайнулдин

Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 22 қаңтардағы
№ 4533 қаулысымен
бекітілген

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және
нақты жағдайлары

№ р/р

Ұйымдар аты

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік)

Ұсыныс (бекітілген)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

"Катон-Қарағай ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Жеке тұлғаларды есепке алу деректі жүйесін нақтылау, толтыру жұмыстары;
мекеменің аумағын жинастыру, көгалдандыру және көркейту,
гүлзарларды суғару және сәндеу.

Күніне 20-25 құжат;
400 шаршы метр.

3

3

Катонқарағай ауданының бюджеті

2

"Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшеттерді отырғызу, сұғару;
күл-қоқыстарды тиеп шығару жұмыстары;
салық жинауға көмектесу;
ескерткіштердің жанындағы аумақты жинастыру, көркейту, көгалдандыру, жөндеу жұмыстары және қызмет көрсету, гүлзарларды сәндеу.

Тұрғындардың 7550 жалпы адам санымен 6 ауыл,
2218 үй;
3,4 гектар;
600 көшет;
аптасына 16 тонна; барлығы 2218 үй;
4 ескерткіш,
800 шаршы метр.

75

75

Катонқарағай ауданының бюджеті

3

"Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшеттерді отырғызу, сұғару;
қоқыс үйінділерді тазалау және қалпына келтіру жұмыстары;
ескерткіштердің жанындағы аумақты жинастыру, көркейту, көгалдандыру, жөндеу жұмыстары және қызмет көрсету, гүлзарларды сәндеу;
құрылыс бойынша жұмыстар, әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу және қайта жаңарту;
учаскелік полиция инспекторына құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына, қылмысты ашуға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.

Тұрғындардың 1716 жалпы адам санымен 4 ауыл,
527 үй;
11500 шаршы метр;
200 көшет;
2950 шаршы метр;
2 ескерткіш,
500 шаршы метр;
620 шаршы метр;
1 учаскелік полиция пункті,
аптасына 5 рейд;
айына 5-10 құжат.

13

13

Катонқарағай ауданының бюджеті

4

"Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшеттерді отырғызу, сұғару;
учаскелік инспекторларға құқық бұзушылық фактілердің алдын алуға, ашуға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.

Тұрғындардың 2420 жалпы адам санымен 2 ауыл,
615 үй;
2697 шаршы метр;
200 көшет;
2 учаскелік полиция пункті,
аптасына 4 рейд;
айына 5-10 құжат.

13

13

Катонқарағай ауданының бюджеті

5

"Ново-Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшеттерді отырғызу, сұғару;
учаскелік инспекторларға құқық бұзушылық фактілердің алдын алуға, ашуға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.

Тұрғындардың 3037 жалпы адам санымен 4 ауыл,
656 үй;
2697 шаршы метр;
800 көшет;
1 учаскелік полиция пункті,
аптасына 4 рейд;
айына 5-10 құжат.

13

13

Катонқарағай ауданының бюджеті

6

"Ново-Поляковка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшелерді тазалау;
көшеттерді отырғызу, сұғару;
ескерткіштердің жанындағы аумақты жинастыру, көркейту, көгалдандыру, жөндеу жұмыстары және қызмет көрсету;
гүлзарларды сәндеу, жайларды жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары.

Тұрғындардың 1235 жалпы адам санымен 4 ауыл,
358 үй;
2370 шаршы метр;
9,5 шақырым;
100 көшет;
250 шаршы метр.

8

8

Катонқарағай ауданының бюджеті

7

"Солдатово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшеттерді отырғызу, сұғару;
учаскелік инспекторларға құқық бұзушылық фактілердің алдын алуға, ашуға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.

4000 шаршы метр;
400 көшет;
аптасына 4 рейд;
айына 5-10 құжат.

8

8

Катонқарағай ауданының бюджеті

8

Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
арық арнасын тазалау;
көшеттерді отырғызу, сұғару;
құрылыс бойынша жұмыстар, әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу және қайта жаңарту.

Тұрғындардың 5411 жалпы адам
санымен 5 ауыл,
1522 үй;
жыл бойы 50 гектар;
жыл бойы 50 шақырым;
600 көшет;
4 ауылдық клуб.

25

25

Катонқарағай ауданының бюджеті

9

"Коробиха ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
күл-қоқыстарды тиеп шығару жұмыстары;
көшеттерді отырғызу, сұғару;
құрылыс бойынша жұмыстар, әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу және қайта жаңарту;
мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу.

Тұрғындардың 1453 жалпы адам санымен 3 ауыл,
335 үй;
15 гектар;
жылына 40-50 тонна;
300 көшет;
2 клуб;
айына 150 құжат.

10

10

Катонқарағай ауданының бюджеті

10

"Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
қоқыс үйінділерді тазалау және қалпына келтіру жұмыстары;
кұрылыс бойынша жұмыстар, көпірлерді жөндеу және қайта жаңарту;
ауылдық клубты жылыту жұмыстары.

2800 шаршы метр;
жылына 100 тонна;
5 көпір;
жылу беру мерзімі бойынша.

8

8

Катонқарағай ауданының бюджеті

11

"Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшеттерді отырғызу, сұғару;
мәдени әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары;
учаскелік инспекторларға құқық бұзушылық фактілердің алдын алуға, ашуға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.

Тұрғындардың 1695 жалпы адам санымен 4 ауыл,
412 үй;
жыл бойы 25 гектар;
500 көшет;
4 ауылдық клуб;
1 учаскелік полиция пункті, аптасына 4 рейд;
айына 5-10 құжат.

13

13

Катонқарағай ауданының бюджеті

12

"Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшелерді тазалау жұмыстары.

Тұрғындардың 1261 жалпы адам санымен 4 ауыл,
496 үй;
айына 600 шаршы метр;
жыл бойы 5,4 шақырым.

14

14

Катонқарағай ауданының бюджеті

13

"Жамбыл ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көшелерді тазалау жұмыстары;
көшеттерді отырғызу, сұғару.

Тұрғындардың 1652 жалпы адам санымен 5 ауыл,
358 үй;
жыл бойы 14,1 шақырым;
160 көшет.

9

9

Катонқарағай ауданының бюджеті

14

"Өрел ауылдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі

Шаруашылық кітаптарын нақтылау, толтыру;
аумақты жинастыру, өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту);
көше бойындағы арықтарды тазалау;
көшеттерді отырғызу, сұғару;
қоқыс үйінділерді тазалау және қалпына келтіру жұмыстары;
әлеуметтік- мәдени нысандарды жөндеу және қайта жаңарту.

Тұрғындардың 2453 жалпы адам санымен 3 ауыл,
587 үй;
1000 шаршы метр;
жыл бойы 14,1 шақырым;
2,5 шақырым;
500 көшет;
аптасына 10-15 тонна;
60-80 шаршы метр.

10

10

Катонқарағай ауданының бюджеті

15

"Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен, картотекамен жұмыстарға көмектесу;
тұрғындардың экология әлеуметтік жәрдемақы алушылардың іс-құжаттарын құру, тігу жұмыстары;
әлеуметтік жәрдемақы алушылардың деректер базасын құруға көмек;
оралмандардың, мүгедектердің іс-құжаттарын құру, деректі жүйеге кіргізу;
жұмыссыздардың іс-құжаттарын құру, деректі жүйеге кіргізу.

Айына 500 құжат;
күніне 30-40 құжат;
жылына 1800 іс;
айына 300 құжат;
800 құжат.

4

4

Катонқарағай ауданының бюджеті

16

"Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мекемеге түскен кіріс, шығыс құжаттарды тіркеу;
хат-хабарларды жеткізу;
ағымдағы және мұрағаттық құжаттарымен жұмысқа көмектесу, іс-құжаттарын құру.

Айына 90-100 құжат;
айына 40 құжат;
айына 30-40 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

17

"Катонқарағай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Үй-жайларды жинастыру;
хат-хабарларды жеткізу.

Күніне 68,5 шаршы метр;
күніне 5 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

18

"Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Үй-жайларды жинастыру;
хат-хабарларды жеткізу.

Күніне 107 шаршы метр;
күніне 8 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

19

"Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мекемеге түскен кіріс, шығыс құжаттарды тіркеу;
хат-хабарларды жеткізу;
ағымдағы және мұрағаттық құжаттарымен жұмысқа көмектесу, іс-құжаттарын құру.

100-120 құжат;
күніне 5-6 құжат;
айына 40-50 құжат.

1

1

Катонқарағай ауданының бюджеті

20

"Нұр Отан" ХДП Катонқарағай аудандық филиалы

Мекемеге түскен кіріс, шығыс құжаттарды тіркеу;
ағымдағы құжаттарымен, партия мүшелерінің картотекасымен жұмыстарға көмектесу;
хат-хабарларды жеткізу.

Айына 50-60 құжат;
аптасына 20-30 құжат;
күніне 5-6 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

21

«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Катонқарағай аудандық бөлімшесі 0513»

Зейнеткерлердің іс-құжаттары бойынша ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмек.

Айына 800 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

22

"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Катонқарағай аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Мекемеге түскен кіріс, шығыс құжаттарды тіркеу;
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмек;
хат-хабарларды жеткізу.

Айына 500 құжат;
күніне 50 құжат;
күніне 10 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

23

"Катонқарағай аудандық статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Үй-жайларды жинастыру;
хат-хабарларды жеткізу.

Күніне 75 шаршы метр;
күніне 8 құжат.

2

2

Катонқарағай ауданының бюджеті

24

"Қазпочта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Пошта хат-хабарларын тасымалдау.

Жылына 5598 газет;
112 журнал;
133 хат.

9

9

Катонқарағай ауданының бюджеті


Барлығы:



250

250


      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықарнайы киіммен, құрал-жабдықтарменқамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын  еңбек шартымен қарастырылады.

      Аудан әкімі аппаратының басшысы           Л. Тоқсанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады