1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің 2010 жылғы 01 ақпандағы N 32 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 09 ақпанда N 5-14-105 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімінің 2010.04.19 N 36 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптары, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) 1993 жылы туған жасөспірімдерді 2010 жылы қаңтар-наурызда шақыру учаскесіне тіркеуге алу өткізілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Т. Бахтияровқа:
      1) коммуналдық шығындарын;
      2) жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуін, кеңсе заттарының шығындарын;
      3) жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеуде дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды;
      4) әскери-дәрігерлік комиссияға, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырмасымен келісім шарттар бойынша қабылдауды аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық № 1 медициналық бірлестігінің директоры Ф.О. Игісіновке және № 2 медициналық бірлестігінің директоры Б.З. Арнапасовқа (келісімі бойынша):
      1) әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жасөспірімдерді арнайы бөлмелерде тексеруден өткізу үшін медициналық комиссиясының жергілікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
      2) әскери оқу орындарына үміткерлерді медициналық куәләндіру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелерін белгілеу, қосымша тексеруге қажет жататын орын бөлу ұсынылсын.
      4. Ауылдық округ әкімдеріне, аудандық білім бөліміне (Ә.Қ. Қосамбековке) азаматтық алған, бұрын әскери есепте тұрмаған азаматтарды тіркеу учаскесіне жеткізу, іссапардағы, демалыстағы азаматтардың шақырылуын қамтамасыз ету, жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу учаскесіне жеткізетін арнайы адамдар бөлу, жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу уақытында жабдықталған көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету және оларды тасымалдауда оқыс оқиғалардан сақтанудың барлық шараларын сақтау міндеттелсін.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.К. Әбілмәжіновке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуге байланысты ішкі саясат бөлімінің бастығы Ш.М. Тойбаевқа осы тұрғыда әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, аудандық баспасөз арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі             А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады