Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011.01.25 N 1317 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу және тіркеу үшін, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, кемінде кәмелетке толған 10 (он) азаматтың бастамашылығымен құрылған діни бірлестіктерді (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.
2. Діни топ оны Бөлімде есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.
3. Діни топ есептік тіркелу үшін Бөлімге келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тізімі;
3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы.
4. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, Бөлім діни топты есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы деректерді 3-қосымшаға сай үлгіде заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жұрналына енгізеді және құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей осы қаулының 4-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ діни топты есептік тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі анықтаманы береді.
5. Есептік тіркеу ақысыз жүргізіледі.
6. Діни топ өзінің қызметін нақты тоқтатқан немесе әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен шығарылады.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданының әкімі Д. Мусин
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 712 қаулысына 1 қосымша
________________________________
(арызды тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз
_____________________________________________________________________
(топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(діни топтың атауы, ұстанатын діні)
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)
_____________________________________________________________________
(діни топтың мекенжайы және ғибадат үйінің болуы)
_____________________________________________________________________
(өз қызметін соның шегінде жүзеге асыратын аумағы)
Қолы
Күні
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 712 қаулысына 2 қосымша
Заңды тұлға белгілері
жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке
толған азаматтардың тізімі
Р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жылы, айы, күні |
Тұрғылықты жері |
Қолы |
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз
діни топтың басшысының қолы
күні
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 712 қаулысына 3 қосымша
Заңды тұлғаның белгілері жоқ
саны аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу
журналы
Р/с |
Тіркелген нөмірі мен күні және қайта тіркеу № күні |
Діни топтың атауы |
Діни топтың ұстанатын діні |
Діни топтың орналасқан жері |
Діни топ қызметінің ауданы |
Ғибадат үйінің бар болуы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы:
Р/с |
Тіркелген нөмірі мен күні және қайта тіркелген № күні |
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, телефоны |
Есептік тіркеу туралы анықтаманы толтырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты |
Есептік тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты |
Ескерту |
1 |
2 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 712 қаулысына 4 қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі анықтама
№ ______
20___ жылғы «____» ________________ берілді
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтың атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Топты тіркелген органның басшысы Қолы
Мөрі