Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 маусымдағы N 191 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 16 маусымда N 5-16-95 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012.02.13 N 42 қаулысымен.

      Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4 тармақшаларын және 18-1 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (әрі қарай-әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысаннан тәуелсіз кәсіпорындарында, ұйымдарда және мекемелерде (келісім бойынша) ұйымдастырылсын (әрі қарай - жұмыс беруші қосымшаға сәйкес).
      4. 2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін (1-қосымша).
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық жергілікті атқарушы органдармен шартты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбекақы мөлшері нақты жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.
      6. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысы есебінен, ішінара жұмыс берушінің есеп шотынан аударылады.
      7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың теңге мөлшерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
      8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      9. Тарбағатай аудан әкімдігінің 05.06.2009 жылғы № 210 «Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-77 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары А. Түрекеноваға жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                          М. Сапарғалиев

Тарбағатай ауданы әкімдігінің
09 маусымдағы 2010 жылғы
№ 19 қаулысымен бекітілген

2010 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын құратын
кәсіпорындар, мекемелер ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

Жұмыс беру орындары Саны

1

«Айзат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

5

2

«Нұржол-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

7

3

«СМУ Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

5

4

«Өкпеті» жеке кәсіпкер

2

5

«Ақжар» ҚКМК

3

6

«Ақсуат» ҚКМК

3


БАРЛЫҒЫ

25

      Бөлім бастығы                        Ғ. Атықанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады