Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 маусымдағы N 793 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 07 шілдеде N 5-17-132 тіркелді. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 07 мамырдағы N 04/04-20-1940 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012.05.07   N 04/04-20-1940 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5718-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі - Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:
      1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.
      2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) нысаналы топтарға жататын және «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау жүзеге асырылсын;
      2) қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;
      3) түлектің жасы 24 жасқа дейін;
      4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
      Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен нақты шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.
      4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес шарттары Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жеке еңбек келісім - шартымен анықталады.
      5. Қатысушылардың еңбек төлемі олардың жеке шоттарына аудару жолымен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      6. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан Қатысушылардың еңбек төлеміне шығындары 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жартылай өтеледі.
      7. Нысаналы топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын еңбек шартының талаптарына және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен мөлшеріне, сапасына байланысты Жұмыс берушілердің еңбек төлемі қорынан жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың түсу шамасы бойынша кезек тәртібінде жүргізіледі.
      9. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 359 «Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-118 болып 2009 жылдың 7 желтоқсанында тіркелген, 2009 жылғы 18 желтоқсандағы № 59 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі                   Б. Уйсумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады