Жастарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 187 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 01 сәуірде N 5-18-92 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5,  8 баптарына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Техникалық және кәсіби, жоғары білім оқу орындарының түлектері (бұдан әрі - Қатысушылар) есебінен жұмыссыз жастарды жастар іс-тәжірибесі түрінде жұмысқа орналастыруға ықпал ету жөнінде қосымша шаралар қабылдансын.
      2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегідей белгілері бойынша жүзеге асырылсын:
      1) «Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) Қатысушыларды жұмыссыз ретінде тіркеу;
      2) қатысушыларды іріктеу кезінде олар үшін лайықты жұмыстардың болмауы;
      3) жасы 29–ға дейін болуы;
      4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. Жастар еңбегі меншік түріне байланыссыз ұйымдарда (бұдан әрі-Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы келісім шарт негізінде ұйымдастырылып, өткізіледі.
      4. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек Заңнамаларына сәйкес, Жұмыс беруші мен Қатысушы арасындағы жасалған келісім шарт арқылы анықталады.
      5. Қатысушылардың еңбек ақысын төлеу жергілікті бюджеттен жұмыспен қамту бағдарламасына қарастырылған қаржы есебінен төмендегідей мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) техникалық және кәсіби білім оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,2 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде;
      2) жоғарғы білім оқу орындарының түлектері үшін толық айға 1,5 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде.
      6. Еңбекке ақы төлеуді Бөлім Қатысушылардың жеке есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 ақпанынан  туындаған еңбек қатынастарына таратылады.

      Үржар ауданының әкімі             Б. Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады