Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 12 тамызда № 5-18-67 болып тіркелген) шешімінің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңының 51 бабына сәйкес» деген сөйлем «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексінің 182 бабының 3 тармағына сәйкес» деген сөйлеммен өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Домбаланов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М. Бітімбаев