Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 19-191-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-18-97, «Уақыт тынысы» газетінің 2010 жылдың 05 маусымында № 28 санында жарияланған) шешімімен бекітілген Ереженің 1 қосымшасына төменгідей өзгерістер енгізілсін:
5 тармағының:
5) тармақшасындағы «емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда»;
7) тармақшасындағы «құқық қорғау органдарынан анықтама ұсынған жағдайда».
16 тармағының:
1) тармақшасындағы «сот орындаушысынан алған анықтама негізінде» және «іздеу жөніндегі анықтама ұсынған жағдайда»;
2) тармақшасындағы «анықтама ұсынылғанда»;
3) тармақшасындағы «анықтамасы ұсынылғанда» деген сөйлемдер алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Жұмақұлов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М. Бітімбаев