Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес 2010 жылғы 9 қыркүйектегі Бударин ауылы тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің Бударин ауылындағы Чуйков көшесінің атауы - "Сатым Сұпалдьяров атындағы көше" деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Каирмановқа тапсырылсын.
Бударин ауылдық
округінің әкімі Е. Ш. Уалиев