Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі әкімінің 2010.12.13 N 13 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 18 қарашадағы N 552 актісіне сәйкес, Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 18 қарашадағы Базаршолан ауылдық округінің Базаршолан ауылы аумағында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин салу туралы N 760 ұсынысын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің Базаршолан ауылы аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
3. Шешімнің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының Базаршолан ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы С. Шмировке ұсынылсын (келісім бойынша), "Базаршолан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мал дәрігері Т. Имашевке тапсырылып, бақылауды "Базаршолан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б. Н. Жексенбаевқа тапсырамын.
Ауылдық округінің әкімі М. Ильясов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Ақжайық аудандық
аумақтық инспекциясы
мемлекеттік мекемесінің
бастығының у.м.а.
_____________Қ. Қ. Ермұқашев
19.11.2010 ж.
ҚР АШМ МИК АӨК Ақжайық
аудандық аумақтық
инспекциясының аумақта
ветеринариялық-санитариялық
бақылау ұйымдастыру
бөлімінің бастығы
_____________А. А. Абугалиев
19.11.2010 ж.