Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шабдаржап ауылы тұрғындарының 2010 жылғы 12 мамырдағы жалпы жиналысының хаттамасын ескеріп, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап ауылындағы көшелеріне келесі атау берілсін:
N 1 көшесіне - Әжім Бисенов атындағы көше;
N 2 көшеге – Келдібай Нұрғалиев атындағы көше;
N 3 көше – Дәулет Ғұсманов атындағы көше;
N 4 көше – Жалғас Сембаев атындағы көше;
N 5 көше – Құмар Мұхамбетов атындағы көше.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Тайпақ ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы З. Гапуова