Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 9 сәуірде N 7-3-92 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 11 тамыздағы N 21-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.08.11 N 21-5 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса тіркелген "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы" бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Есмагулов
      Бөрлі аудандық
      мәслихатының хатшысы             И. Измагамбетов

Бөрлі аудандық мәслихатының
2010 жылғы 3 наурыздағы
N 18-10 шешіміне қосымша

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау Қағидасы

      Осы "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы" (бұдан әрі - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес рәсімделген.

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы Қағида мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шектеулі жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      уәкілетті орган – "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме тұрғын үй көмегін тағайындаушы.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бөрлі ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне.
      3. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын сомасы ретінде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін белгіленген нормаларға сәйкес есептелген нақты төлемақы сомасын аспауы тиіс.

2. Жалпы ережелер

      6. Тұрғын үй көмегі – тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет төлемдеріне, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне Бөрлі ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) арналған көмек.
      7. Тұрғын үй жай және коммуналдық қызметтерді төлемдерінің сомасының құрамына мыналар кіреді: пайдалану шығындары, электр жүйесімен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, канализация, газ, лифт, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасы.
      8. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шектеулі шығын көлемі отбасының жиынтық табысынан 15 %, ал жалғыз басты тұратын және ерлі зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетін азаматтарға, жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткелер, үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 10 % көлемінде белгіленсін.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі;
      4) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі (техникалық төлқұжат тұрғын үй құжаттарының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып алу-сату, жалға беру т.б. келісім шарттар);
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес, отбасының өткен тоқсандағы табыстары жөнінде мәлімет (еңбекақы, алименттер, шәкіртақы, жәрдемақы мен отемақы, зейнетақы туралы анықтамалар);
      6) Әділет басқармасынан жылжымайтын мүлік жөнінде анықтама (жылына бір рет);
      7) мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына бір рет);
      8) уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде тіркелген аңықтама;
      9) жалғыз басты аналарға N 4 нысан бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органнан, әкенің құқығын белгілеу туралы куәлік, жұбайы(н) қаза болу туралы куәлік, неке бұзылу туралы куәлік.
      10. Ұсынған жеткізушілердің шоттар коммуналдық қызмет төлемдеріне (мәлімет үшін) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
      11. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша отбасына шарт және тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық пайдалану шығындары, жөнінде мәлімет жасалады. Мәліметтерде көмек тағайындау есебі көрсетіледі. Шарттың бір данасы тұрғын үйдің меншік иесінде (жолдаушыда) сақталады. Шарт тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
      12. Азаматтардың келесі санаттары үшін тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен белгіленгенін пайдаланып отырған бір тұрғын үй бірлігі көлемінде белгіленеді, бірақ 54 шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді: зейнеткерлер, жалпы ауруы бойынша мүгедектер және оларды күтетін азаматтар, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қорғаушылар, кәмелетке толмаған балалармен бірге қорғаушылар және басқа санаттағы азаматтар үшін тұрғын үй алаңының нормасы шегінде белгіленсін.
      13. Тұрғын үй көмегі жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бірінші жартыжылдықта бірінші тоқсан жылу беру мерзімі, екінші тоқсан жазғы мерзім, екінші жартыжылдықта үшінші тоқсан - жазғы мерзім, төртінші тоқсан - жылу беру мерзімі. Жаңа мерзімге көмек алғашқы процедураға сәйкес ресімделеді.
      14. Отбасының тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға жұмсай алатын шығын деңгейі, отбасының табыс мөлшері, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер (отбасы құрамы, бюджеті) сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнінде 10 күн мерзім ішінде уәкілетті органға хабарлауды тиіс. Көтерінкі және заңсыз өтемақы алу үшін жалған анықтамалар бергені үшін алушыларға (пайдаланушы және жекеменшік иесі) бір жыл мерзімге дейін берілмеуі мүмкін. Сонымен бірге заңсыз алынған тұрғын үй көмегі сомасы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтаруы тиіс.
      16. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасының табыстары жөнінде қосымша ақпарат сұрата алады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешіледі.
      18. Жеке меншігінде бір тұрғын үй жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасы (азаматтар) тұрғын жай көмегі берілмейді.
      Күтімге мұктаж деп танылған мүгедектерді күтіп отырған немесе үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж деп мүгедектерді күтетін тұлғаға, туберкулезбен ауыратын азаматтарға, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери міндетін атқармайтын, еңбек нарығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылары тұрғын үй көмегі берілмейді.

4. Отбасының жиынтық табысын бөлу тәртібі

      19. Отбасының орташа жиынтық табысы өтініш білдіргенге дейінгі отбасының өткен мерзімге жиынтық табысынан айларға бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      20. Отбасының жиынтық табысы есептеу барысында бүкіл табыстар енеді: еңбекақы түрінде алатын табыстары, кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы, жәрдемақы, шәкіртақы, өтемақы, алименттер.
      Осы көрсетілген тізімге қарастырылмайды:тұрғын үй көмегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бала тууға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы.

5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      21. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы азаматтардың жеке есеп шоттарына жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі мен шарттары уәкілетті орган, тиісті банктер және алушы арасында жасалған үш жақты келісіммен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады