Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 21-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда № 7-5-117 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 2-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2012.04.19 № 2-20 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                  А. Шүкірғалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы        Р. Саматов

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 21-5 шешіміне 1 қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармақшасын және Қазақстан Республикасының Үкіметінін 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысы негізінде әзірленді.
      2. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындарын өтеуге арналған өтемақы.
      3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асыралады.
      4. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұрғылықты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалданушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      5. Тұрғын үй көмегі аудан көлеміндегі тұрғылықты тұратындарына егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үй ұстау нормалары шегіндегі және ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек.
      Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі келесідей болып белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және теңестірілгендер үшін – 0,1 пайыз көлемінде белгіленсін;
      2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін – 5 пайыз көлемінде белгіленсін;
      3) І-ІІ топтағы мүгедектер үшін 10 пайыз көлемінді белгіленсін;
      4) Жалғыз басты зейнеткерлерге, ІІІ топтағы мүгедектерге, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 15 пайыз көлемінде белгіленсін.
      6. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңынан мөлшері тұрғын үйі заңнамасында отбасының әр мүшесінде белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жайы көлемінің бір адамға 15 шаршы метр орын құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар (зейнеткерлер, мүгедектер) үшін тұратын мекен-жайдың көлеміне байланыссыз 36 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемінен аспайды.
      7. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілерге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      8. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, магистратура мен аспирантура оқуларын қоса алғанда, сондай-ақ 1,2 топтағы мүгедектерді егер оларды күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3-жасқа дейінгі, сондай-ақ кіші баласы бірінші сыныпта (бірақ 9-жастан аспаған) бітіргенге дейінгі төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғын үй көмек дұрыс есептелмеген жағдайда уәкілетті органға 10 күн ішінде хабардар етілуге тиіс.

3. Тұрғын көмегін тағайындау тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегін алушылар мемлекеттік тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасының бір мүшесі тұрғылықты жер бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгідегі өтінішке қоса мынандай құжаттар тіркеледі:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінін ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысыналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудін жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған крндоминиум оъектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланған үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      11. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тағам қымбаттауына байланысты берілетін материалдық көмек, бала тууға берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемақыны қоспағанда, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі еңгізіледі.
      12. Мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсетуді, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
      13. Ауыл (село) әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.

4. Тұрғын үй көмегін есептеу

      14. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы жергілікті уәкілетті орган учаскелік комиссиямен бірге қарап, оларды қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, уәкілетті орган қажетті мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажетті ақпарат беріледі.
      15. Тұрғын үй көмегін тұрғын үйді ұстаумен коммуналдық қызметтер үшін төлемді меншік иесіне (жалдаушыға) аудару арқылы беріледі.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек.
      16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарымды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.

5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      17. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі пәтерлер иелерінің және жолдаушылардың тізімдерімен рәсімдеп, берілген жәрдемақының сомасын көрсетіп, әр айдың 25-іне сатылап, аудару екінші дәрежелері банктер арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады