Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2012.06.05 № 4-9 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Жәнібек ауданының елді мекендеріндегі жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 маусымдағы № 26-7 аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-6-29 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2006 жылғы 30 маусымдағы № 8 жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімінің атауында:
"қағидасын" деген сөз "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімімен бекітілген Ереженің атауында:
"қағидасы" деген сөз "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясы
төрағасының өкілеттігін атқарушы Т. З. Кадимов
Мәслихат хатшысы Т. З. Кадимов