Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің 2012.01.06 № 3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Сырым ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструменттармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Нысанғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________К. Маканов
31.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, денсаулық сақтау
басқармасының "Сырым
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның
директоры
_____________А. Дүйсенгалиев
31.12.2010 ж.