Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 02.12.2010 N 473 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Теректі аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданы Шалқар селолық округінің Шалқар елді мекенінде ірі қара малында жұқпалы қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Шалқар селолық округінің әкіміне және "Теректі аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешевке жүктелсін.
Аудан әкімі А. Утегулов