Покатилов селолық округінің Покатилов ауылындағы көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Покатилов селолық округі әкімінің 2010 жылғы 2 қарашадағы N 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қарашада N 7-12-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Покатилов ауылы тұрғындардың пікірлерін және ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 13 қазандағы N 1 хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Покатилов селолық округі Покатилов ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      В. И. Чапаев көшесі – С. С. Курлапов көшесіне;
      В. И. Ленин көшесі – А. Құнанбаев көшесіне;
      50 лет Пионерии көшесі – Достық көшесіне;
      Юбилейная көшесі – И. Шұғайыпұлы көшесіне.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Покатилов селолық округінің әкімі      Е. Бекетов

  











  










  









  








  







  






  





  




  



 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады