Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаңтарда № 6744 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-205/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы наркологиялық ұйымдардың мәртебесі мен өкілеттігін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.09.2018 № ҚР ДСМ-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы маусымда № 6 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:

      5-тарауда:

      Мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын:

      "335-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының нарколог-дәрігерлерінің лауазымдары:

      Нарколог-дәрігерлердің 1 тәуліктік посты - уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының 20 төсегіне.

      Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының меңгерушісі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді.";

      339-тармақтың 3 абзацындағы "жасөспірімдер" деген сөз "балалар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      345-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "345. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін әрбір наркологиялық ұйымға сот-наркологиялық сарапшы дәрігердің екі лауазымы. Егер жылына сот-наркологиялық сараптаманың саны 1000-нан асатын болса, онда сот-наркологиялық сараптамашы дәрігердің бір лауазымы қосымша енгізіледі.";

      349-1-тармақ мынадай мазмұндағы баяндаумен толықтырылсын:

      "349-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының медициналық бике лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.

      Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының фельдшерлер лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.

      Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының аға медициналық бике лауазымы әр орталыққа бекітіледі.";

      355-1-тармақ мынадай мазмұндағы баяндаумен толықтырылсын:

      "355-1.Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының санитар, санитар-жуындырушы және бақылау бойынша санитар лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.

      Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының шаруашылық-бикесі лауазымы әр орталыққа бекітіледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Төлеғалиева А.Ғ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Аталған бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрдің м.а.
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен бекітілген

Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.09.2018 № ҚР ДСМ-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады